|
25.08.2021 | 17:59
1306

Алматылық оқушы оқыту жүйесінде не себепті Финляндия әдісін қолдайтынын айтты

Финляндияның білім жүйесінде оқушыларға еркіндік берілген

Алматы қаласы №180 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Сабрина Халмаханова оқыту жүйесі бойынша Финляндия әдісін қолдайды. Бұл туралы «Алматы мектептері постковидтік кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» атты онлайн-форум барысында айтты, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

«Бұл Финляндия жүйесі өте дұрыс. Оқушы үшін таңнан кешке дейін мектепте жүру қиын тиюі мүмкін. Бірақ олар болашақта өз істерінің маманы болып, еліміздің дамуына өз үлестерін қоса алады. Қазіргі заманда «ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, біз бар күшімізді білімге салатын болсақ, еліміз одан әрі дамып, үлкен жетістіктерге жетеміз», – деді оқушы.

Оның айтуынша, мектеп ішінде үйірмелер көптеп ашылса, оқушылар уақытын тиімді пайдаланар еді.

«Мен домбыра үйірмесіне қатысып жатырмын. Қазіргі таңда 10-сынып оқимын. Биыл жазғы 3 ай бойы тестке қатысты қосымшаларға бардым. Алдағы уақытта басқа да қосымша сабақтарға, мектептен тыс үйірмелерге барамын. Менің ойымша, оқушылардың қалауы бойынша мектептің ішінде үйірмелер ашылса. Сонда біз өз уақытымызды үнемдей аламыз. Қазір жолға көп уақытымыз кетеді», – деді С. Халмаханова. 

Айта кетейік, Финляндияның білім жүйесінде оқушыларға еркіндік берілген. Олар өз уақытын өздері тиімді пайдаланады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

әдіс
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир