|
21.06.2024 | 18:03
692

Конституциялық сотқа 5 мыңнан астам өтініш түскен

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылды

Конституциялық сотқа 5 мыңнан астам өтініш түскен Almaty.tv

Қазақстанның Конституциялық сотына жылына 5 мыңнан астам адамнан өтініш түседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сот төрағасы Эльвира Әзімова азаматтар зейнетақы заңнамасының, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің және Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларының жекелеген нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеруге қатысты жүгінетінін айтты. Бірақ өтінімдердің көбі Конституциялық соттың құзырына кірмейді. Эльвира Әзімованың айтуынша, олар жалпы юрисдикция соттарының немесе басқа мемлекеттік органдардың қарауына жатады.

– Азаматтардың басым бөлігі сот шешімінің күшін жою, оларды қайта қарау туралы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және құқық қорғау органдарының жекелеген қызметкерлерінің әрекетінің заңдылығын тексеру өтінді. Бірақ өтініштің нысанасы Конституциялық соттың құзіретіне кірмейді, – деді ҚР Конституциялық сотының төрағасы Эльвира Әзімов.

Оқи отырыңыз: Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген анаға сот үкімі шықты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир