Алматының Әуезов ауданында полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

Әуезов ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әуезов ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Салтанатты жиынға ел дамуына үлес қосып, өз саласының үздігі атанған мамандар шақырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз



Қос мереке қарсаңында Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов еңбегі ерен полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерге арнайы алғыс хаттар табыстады. Салтанатты жиынға ел дамуына үлес қосып, өз саласының үздігі атанған мамандар шақырылды. Олардың ішінде жергілікті әкімдік, салық саласы мен аудандық әкімшілік сотының қызметкерлері бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгінгі Қазақстан Республикасының қызметкерлері күнімен барлық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құтықтаймын. Бәріне денсаулық тілеймін», – деді Әуезов ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Мырзағали.

«Мемлекеттік қызметтің де, полиция қызметкерінің де көтеріп жүрген жүгі ауыр. Ауыр дегенде халқымыз, мемлекетіміз үшін қызмет етеміз», – деді Әуезов ауданы әкімі аппараты бөлімінің бас маманы Мақпал Ешенова.

Новости партнеров