Алматыда еріктілер «Кел, шай ішейік» акциясын ұйымдастырды

Алматыда еріктілер «Кел, шай ішейік» акциясын ұйымдастырды
Жетісу ауданының еріктілері
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала көшелеріндегі ақұлпаны тазалауға шыққан жұмысшылар үшін Жетісу ауданының еріктілері «Кел, шай ішейік» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауа райының түрлі қиындығына қарамай қызмет етіп жүрген Айжан Құрманқожина да, коммуналдық қызмет те 5 жылдан бері жұмыс істейді. бар. Ал, осындай сәтте өздерін қолдап, шай таратқан жастарға ерекше риза екенін жеткізді. Мұндай қадам, біріншіден, жүрекке жылу сыйлайды.

«Жастардың бізге деген қайырымдылықтары одан бөлек жұма күндері көп қайырымдылық шараларын жасап ыстық тамақ таратады. Сондай іс-шаралар көп ұйымдастырылады. Өзім ризамын. Осындай шаралар бола берсін», – деді жұмысшы Айжан Құрманқожина.

«Ауа райына қарамастан осындай коммуналдық қызметкерлер суыққа қарамастан жұмыс жасап жатыр. Сондықтан біз оларға кішкене көмек көрсетейік дегенбіз», – деді Жетісу аудандық Jas otan жастар қанатының төрағасы Еламан Абаев.

Одан бөлек Алмалы ауданының еріктілері де коммуналдық қызметкерлерге қолдау көрсетіп, акция ұйымдастырды.

«Барша қаламыздың тұрғындарын, еріктілерін осындай мейірімді акцияға қатысуға шақырамыз. Барлығымыз осылай бірлесе отыра, біздің қаламыздың ыңғайлылығы үшін қызмет етіп жатқандарға көмектессек нұр үстіне нұр болар еді. Біз қаламызда қар көп жауғанда еріктілер тарапынан осылай көмектесіп тұруға тырысамыз», – деді ерікті Бағдат Анарбаева.

Новости партнеров