Алматыда «Шетсіз қала» аясында алғашқы дәрігерлік амбулатория ашылды

кадр из видео Almaty.tv
кадр из видео Almaty.tv
Бұл мекеме 6300-ден аса тұрғынға қызмет көрсетеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұдан былай Наурызбай ауданы «Тау самалы» шағын ауданының тұрғындары алғашқы профилактикалық қызметтер үшін алысқа сабылмай, дәл осы мекемеде ем-дом шараларын ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

№5 қалалық клиникалық ауруханасына қарайтын бұл мекеме 6300-ден аса тұрғынға қызмет көрсетеді. Оның 512-сі балалар. Мұнда жалпы тәжірибелік дәрігер және процедуралық кабинет жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұнда 9 төсекке арналған күндізгі стационар да бар.

«Біз бұл ауданда талай жылдан бері тұрамыз. Мұндағы халықтың көбі – зейнет жасындағы қариялар. Ауруханаға автобуспен бару бізге қиын еді. Енді, үйімізге жақын жерден амбулатория ашылғанына қуанып отырмыз», – деді аудан тұрғыны Лена СКУПКОВА.

Дәрігерлік амбулаторияда науқастар түрлі анализ тапсыру, электрокардиограммадан өту және емханаға тіркелу сынды қызметтерді де ала алады. Ал, жауапты басқарма басшысы алдағы жылдары қалада мұндай амбулаторияның 30-дан астамы ашылады, – деді.

«Алматы қаласы бойынша осы екі жылдың ішінде 34 дәрігерлік амбулатория ашамыз. Ең негізгі мақсаты – шалғайдағы ықшамаудандарға медициналық көмекті қолжетімді қылу», – деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қанат ТӨСЕКБАЕВ.

Дәрігерлік амбулатория аптаның барлық күнінде жұмыс істейді. Мұнда дәрі-дәрмек алатын науқастардың да қалаға сабылмай, осы жерден керек дәрісін алуына жағдай жасалған. Айта кетейік, дәрігерлік амбулаториядағы барлық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетіледі.

Тоғжан Жалғасбекқызы, Нұржан Оразбеков, «Алматы» телеарнасы.

Новости партнеров