Жастар есірткіге қарсы: Алматыда «Жас Отан» жастар қанаты акция өткізді
Almaty.tv
Шара Медеу ауданы әкімдігі мен аудандық полиция басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Жастар есірткіге қарсы!» Бүгін осындай атаумен Медеу ауданының «Жас Отан» жастар қанатыны акция өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шара Медеу ауданы әкімдігі мен аудандық полиция басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Акция аясында тұрғын үйлер, гараждар мен әкімшілік нысандардың қабырғаларына бояумен жазылған есірткіні насихаттайтын трафареттер мен граффитилер өшірілді.
«Бұл акция біздің тарапымыздан тоқтап қалмайды. Сәйкесінше, қаламызда «Жас Отан» жастар қанаты әрқашан белсенді. Қала тұрғындарын акциямызға қосылуға шақырамыз. Бояу – бізден, қатысу – сізден. Біз өз тарапымыздан жастарды есірткіден аулақ болуға шақырамыз», – деді Медеу аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Мақсат Шегебаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
11.10.2026 11:30
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
11.10.2026 17:34
Кешкі асты сағат қаншада ішкен дұрыс
11.10.2026 16:59