|
15.06.2022 | 20:11
7115

Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету үшін мемлекеттің қаржы мүмкіндігін ескеру керек – Ерлан Қошанов

Ол мәселені Үкімет пен тиісті органдар сараптап жатқанын жеткізді

Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету үшін мемлекеттің қаржы мүмкіндігін ескеру керек – Ерлан Қошанов Almaty.tv

Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету үшін мемлекеттің қаржы мүмкіндігін ескеру керек. Бұл жөнінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ерлан Қошанов  бұл – күрделі мәселе екенін, қазіргі таңда оны Үкімет пен тиісті органдар сараптап жатқанын жеткізді.

«Бұл мәселеге жеңіл қарауға болмайтын шығар. Себебі бұл бағытта мемлекеттің мүмкіншілігін де қарау керек. Қазіргі кезде тиісті талап-тілектер айтылып жатыр, оның барлығын білеміз. Өңірлерге барған кезде де ұсыныстар айтылды. Осы мәселеге қатысты ұсыныстарды пысықтау керек. Ол бойынша Үкімет, тиісті құзыретті орган жұмыс істеп жатыр», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов

Бұдан бөлек төменгі палата спикері Мәжілісті тарату мәселесі әзірге көтерілмегенін айтты. Тіпті, олай болған жағдайда оны Президент шешеді.

«Бүгінгі күнде оған заңды негіз жоқ. Сондықтан алда бүгінгі күнде біздің мақсат – референдумда қабылданған Конституциялық өзгерістер, соларды заңдастыру. Сол бойынша 30-ға тарта заң жобасы бізге келіп түседі. Сол заң жобаларын біз жылдың аяғына дейін қабылдауымыз керек. Тарату немесе таратпау мәселесін Президент шешеді», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир