«Қазақстан халқына қоры» қаңтар оқиғасында қайтыс болған 19 бейбіт тұрғынның отбасына көмек көрсетті. Бұл жөнінде қордың төрағасы Болат Жәмішев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сонымен қатар ол тергеу әрекеті аяқталғаннан кейін кінәсі жоқтығы дәлелденген адамдар да бейбіт құрбан болып есептелетінін және оларға да көмек көрсетілетінін жеткізді.
«Қаңтар оқиғасында зардап шеккен бейбіт тұрғындарға «Қазақстан халқына қорынан» көмек көрсету мәселесі құзырлы органдардың тергеу мәліметінің нәтижесіне байланысты. Өйткені біз қоғамдық қор болғандықтан, кімнің кездейсоқ құрбан екенін айта алмаймыз. Қамқоршылар кеңесі жазықсыз қайтыс болған бейбіт құрбандардың отбасына көмектесеміз деген шешім қабылдаған болатын», – деді «Қазақстан халқына қорының» төрағасы Болат Жәмішев.