Елімізде биыл 765 мыңға жуық адам жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпарына сай, жаңа жұмыс орындары кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде құрылыпты. Ал субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылған 16 мың 500 азаматтың 36 пайызы жастар екен. Келесі жылдан бастап 6 мыңға жуық жасқа жеңілдетілген микрокредит беру көзделген. Осылайша, қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарланған.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында әзірленетін жоба мақсаты – әрбір 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру. Оған қос мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары және босап қалған жұмыс орнына адамдар тарту бағдардарламасы іске асырылып жатыр», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев.