Алматы облысында жаңа мешіт ашылды

Алматы облысында жаңа мешіт ашылды
Алла үйінің ашылуына халық жаппай жиналып, жаңа нысанның қолданысқа берілуіне ризашылық білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысы Долан ықшамауданында «Кенжеғазы ата» мешіті ел игілігіне берілді. Жаңа мешіттің ашылу салтанатына аудан жұртшылығы көп жиналды.

Алла үйінің ашылуына халық жаппай жиналып, жаңа нысанның қолданысқа берілуіне ризашылық білдірді.

«Мешітті кімдер салады десеңіз?! Дәулетті адамдар көп.  Бірақ солардың ішінде Алладан қорыққан және Алла нәсіп еткен адамдар ғана салады. Осы керемет мешітті соғуды сіздерге нәсіп еткен екен. Алла разы болсын!» – деді Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілі Нұрбек Есмағанбет.
Мешіттің ашылуына арнайы келген құрметті меймандар да ақ тілектерін білдірді. Сондай-ақ өзге қала, аудандардың бас имамдары жиылып, лебіздерін жеткізді. Ақ тілек төгілген соң, салтанатты түрде лента қиылып, мешіт есігі айқара ашылды.

«Жалпы мешіт 700 адамға лайықтап салынған. Бұл мешітті Кенжеғазы атамыздың немерелері сауап алайық деген ниетпен тұрғызып жатыр. Долан ықшам ауданында мешіт болмаған. Сондықтан жолдың бойына, ауыл тұрғындарына, жолаушыларға ыңғайлы болсын деп салынған», – деді «Кенжеғазы ата» мешітінің бас имамы Құндызбек Медетбеков.


Новости партнеров