Павлодар облысына жылу беріле бастады

Almaty.tv
Almaty.tv
Жылыту маусымы әр өңірдегі күн райына байланысты басталуы керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысына жылу беріле бастады. Кереку өңірінде күннің күрт суытуына байланысты әлеуметтік нысандар жылуға қосылған. Бұл туралы Энергетика вице-министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сұңғат Есімхановтың сөзінше, елдегі қазандықтар мен трубиналар жылыту маусымын бастауға толық дайын. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 10 энергоблок, 55 қазандық және 45 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Қазір жоспардағы 24 нысанда жұмыс аяқталмаған.

– Жылу маусымын бастауға жылыту орталықтары дайын. Керекті барлық қазандық пен трубиналар бар.Резервтік мәселені талқылап жатырмыз. Ол жұмыстар қазанда аяқталады деген сенім бар, – деді ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

Еліміздің солтүстігі мен орталығында қара суық түскені белгілі. Аталған аймақтарда жылуды ерте қосу жағдайы қарастырылмаған. Министрлік өкілінің айтуынша, мәселені жергілікті әкімдік шешеді.

Ереже бойынша жылыту маусымы әр өңірдегі күн райына байланысты басталуы керек. Алдағы қысқа 17,4 гигават электр қуаты пайдаланылады деп күтіліп отыр. Қажеттілік өткен кезеңмен салыстарғанда әжептеуір көбейген. Ал отын қоймаларында 4,7 млн тонна көмір және 89 мың тонна мазут қоры бар.

Оқи отырыңыз: Қауіпсіз қала: Алматы көшелерінде дабыл түймелері орнатылады

Новости партнеров