|
13.07.2022 | 19:10
1250

Алматыда отбасы құндылықтары дәріптелді

Қоғамдық даму басқармасы жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен ашық диалог алаңы өтті

 Алматыда отбасы құндылықтары дәріптелді Almaty.tv

«Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы». Дәл осындай атаумен Алматыда қоғамдық даму басқармасы жобалық кеңсесінің арнайы ұйымдастыруымен ашық диалог алаңы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған іс-шараға көпке үлгілі жанұялар, өнер жұлдыздары қатысты. Жиын барысында жастар көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

«Әр отбасы тұғыры биік болса, мемлекеттің де тұғыры биік болмақ. Ел болам десең экраныңды түзе дейді. Осы экран арқылы, мына көркем әдебиет арқылы, театр арқылы ұлттық құндылықтарымызды насихаттауымыз керек», – деді актер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов.

«Отбасы құндылығы дегеніміз не? Жастар нені білу керек? Осы сұрақтардың айналасында жауап іздедік. Жастарға қызықты болды деп ойлаймын», – деді жоба ұйымдастырушысы Дархан Балажанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир