Арнайы прокурорлар қаңтар оқиғасына қатысты жаппай тәртіпсіздік бойынша 58 және терроризмге қатысты 8 қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы елдің Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның айтуынша, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді бұғаттау үшін олар полиция органдарының ғимаратына шабуыл жасаған.
«Жалпы қаңтар оқиғасы бойынша 392 қылмыстың іс жолданды. 445 адам сотталды. Билік өкілдеріне қарсы күш қолданып, мүлікті жоюға байланысты ауыр қылмысты жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 46 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне сотталды. Қазіргі уақытта 514 күдікті адам қамауда», – деді ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.