Movie making: Алматыда жас мобилографтарға арналған байқауы аяқталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Cайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден аса видеограф қатысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жас мобилографтарға арналған «Movie making» байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

JAS GALA іс-шаралар кешені аясында жүзеге асқан сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден аса видеограф қатысқан. Алайда олардың ішіндегі тек 20-сы іріктеліп алынып, оларға жүлделі сыйлықтар тапсырылды. Ең үздік деп танылған үш авторға дрон тарту етілді. Байқаудың ұйымдастырылуына қалалық жастар саясаты басқармасы қолдау көрсеткен.

«Өзіміз де жас кезімізде видеограф болдық. Дрон сатып алу үшін ақшамыз жетпеді. Біреу қолдау берсе екен деп күтіп жүрдік. Бұл – мүмкіндік, видео саласында мобиолограф жастарға өз видеосын түсіріп, жіберді», – деді видеоблогер, байқау ұйымдастырушысы Әділет Рахметолла.

Байқау шартына сәйкес үміткерлер тәуелсіздік, туған жер және Қазақстан табиғаты сынды тақырып бойынша шағын видео түсіруі керек. Додада бағын сынап, өңірлерден де келіп қатысқандар аз емес. Бұдан бөлек, іс-шара барысында белгілі мобилографтар жастарға мастер-класс көрсетіп, тәжірибесін бөлісті.

«Бүгінгі дайындап келген тақырыбым – туған жер. Қызылорда облысы бойынша видео түсірдім. Негізгі мақсатым – қатысып көру, үйрену, бағымды сынау. Қызылордада күн өте суық болды. Бір жеті  бүкіл қаланы жаяу араладым, қиындық кездесті», – деді байқау қатысушысы Айгерім Серікова.

Новости партнеров