|
08.04.2019 | 19:20
13750

Спорт және туризм академиясында Қажымқан Мәсімовтың атындағы стипендия тағайындалады

Ол 18 сәуірде 80 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындалған

Спорт және туризм академиясында Қажымқан Мәсімовтың атындағы стипендия тағайындалады

80 жасына қараған шағында өмірден озған Қажымқан Қасымұлының атындағы шәкіртақы Спорт және туризм академиясындағы оқу үлгерімі жақсы, бірақ ақылы бөлімде оқитын студенттерге берілмек деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Туыстарының айтуынша Қажымқан Қасымұлы алдағы бір аптадан соң өзінің 80 жылдық мерей тойына қызу дайындалып жатқан. Ол 1939 жылыдың 18 сәуірде Алматы облысының қазіргі Ақсу ауданында дүниеге келген. Өмірдің сан саласына белсене араласқан ақсақал кеше түнде еш ауырмастан өмірден өтіп кетті.

Көзі тірісінде Қажымқан Мәсімовтің көмегін көріп, көп сөйлескен, дәмдес, қызметтес  болған адамның бірі Қайрат Закирьянов. Спорт академиясы президентінің айтуынша, Қажымқан Қасымұлымен 25 жылдай аралас-құралас болған. Тіптен көлік апатына түсіп, өмірден түңілген әйеліне де көмек көрсеткен. Өмірге деген құлшынысын оятқан екен.  

«Кеңес дәуірінде йогаға тыйым салынғанына қарамастан ол оның насихаттаушысы болды. Қажымқан Қасымұлы йоганы тек денені сауықтыру, спорттық тұрғыдан ғана емес, оның философиялық мәнін де терең түсінді. Бұл саладағы білімі мен тәжірибесін студенттерге үйрететін. 20 жылдан астам лекция оқыды. Ойымен бөлісіп, студенттердің түрлі сұрақтарына жауап беретін. Құлшынып тұратын, энергиясы көп адам еді. Енді жыл сайын Қажымқан Мәсімовтың атындағы стипендияны академияның озат студенттеріне береміз», - дейді Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат ЗАКИРЬЯНОВ.

Қажымқан Қасымұлы Омбы темір жол, Павлодар индустриалды және Алматы дене шынықтыру институттарын бітірген. Қазақ туризм және спорт академиясы спорттық медицина кафедрасының құрметті профессоры. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Қазақстанның ұлттық агроөнеркәсіптік палатасының» төрағасы болды.  

Туыстарының айтуынша, қария қайтыс боларынан бұрын әке-шешесінің басына барып, құран оқытып келген екен. Талдықорғанның Ақсуына, туып-өскен ауылына мешіт салдырған. 400 шақырымдай жол жүріп, түнгі сағат 12 кезінде келген. Еш жері ауырмаған. «Тойға дайындалып жатқан едік» деді марқұмның інісі. Ол шаңырақ құрғанына 55 жыл, туғанына 80 жыл толуын 18 сәуір күні тойламақ болған.

«Ақсуда өзінің туған жеріне өз атынан мешіт тұрғызды. Тұрғындарына талай көмек көрсетті. Салған мешіті халыққа қызмет етіп тұр», - дейді марқұмның інісі Мырзахан МӘСІМОВ.

Қажымқан Мәсімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең, яғни 9 сәуірде сағат 10-да  Алматыдағы Ғалымдар үйінде өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир