|
31.07.2021 | 19:30
1243

Алматының Медеу ауданында карантин талаптарын сақтамаған мейрамханалар анықталды

Кәсіпкерлік нысан шектеулі уақыттан асып кеткеніне қарамастан адам қабылдап, жұмыс істеуін тоқтатпаған

Алматының Медеу ауданында карантин талаптарын сақтамаған мейрамханалар анықталды

Алматыда карантин тәртібін бұзатын мекемелер азаймай тұр. Соған байланысты қалалық штабтың мамандары өткен түні тексеріс жүргізіп, Медеу ауданында орналасқан мейрамхананың үстінен түсті. Кәсіпкерлік нысан шектеулі уақыттан асып кеткеніне қарамастан адам қабылдап, жұмыс істеуін тоқтатпаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Эпид ахуал күшейіп тұрған кезде барлық санитарлық талаптар сақталу керек. Әсіресе аудан тұрғындары мен кәсіпкерлеріне айтарым карантиндік ережелерді бұзбай, тәртіпке бағынайық. Өзімізді және өзгелерді қатерлі індеттен сақтап, денсаулығымызға жауапкершілікпен қарайық», – деді Медеу аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Самал Орасаева.

Тексеруші мамандар көп ұзамай Сейфуллин және Ақан сері көшелерінің бойында орналасқан 2 мекеменің де жұмысын әшкереледі. Мұнда да сол санитарлық талаптар өрескел бұзылған. Тіпті кафе қызметкерлері мен қонақтар дәмхананың 20:00-ге дейін ғана жұмыс істеуге болатынын білмейтін сияқты.


Кейін оқиға орнына арнайы мамандар келіп, жарық жүйесін кесіп, су құбырын тоқтатып тастады. Артынша 109 қызметінің өкілдері есікті бұзбақ болып еді, бар қызметкері өзі ашып берді. Алайда ішінде бірде бір адам жоқ. Үстелдер сол күйі жиналмаған. Келушілерді жасырын есік арқылы шығарып жіберді ме, ол жағы белгісіз. Тексерушілер алдағы уақытта бұл мекеменің қатаң бақылауда болатынын айтады.

«Қазіргі сәтте ауданда күні-түні күшейтілген тексеріс жұмыстары жүріп жатыр. Барлық мекеме біздің бақылауымызда болады. Кәсіпкерлерден өтінерім санитарлық талаптарды бұзбай, жұмыс істеңіздер. Мұндай тексеріс алдағы уақытта да жалғаса береді», – деді Алмалы аудандық кәсіпкерлер палатасының өкілі Мәрлен Тұрысбек.


Айта кетейік, бүгінде қалада індет жұқтыру көрсеткіші артқандықтан тексеріс жұмыстары күшейтілген түрде жүріп жатыр. Карантиндік тәртіп бұзылған жағдайда айыппұл салынады.

Мерей Қанапиянов, Рашид Шүкіралиев, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир