|
21.04.2021 | 15:50
7810

Жамбыл облысында бес бірдей ауыл ішімдіктен басы бүтін бас тартты

Ішімдіксіз ауыл жобасы Жамбыл ауылдық округінде былтыр бастау алған

Жамбыл облысында бес бірдей ауыл ішімдіктен басы бүтін бас тартты Almaty.tv

Жамбыл облысынан жақсы жаңалық. Өңірдегі бес ауыл ішімдіктен басы бүтін бас тартып отыр. Ең қызығы аталған акцияны Жамбыл ауылдық округі бастаған. Ал, аудан билігі Рамазан айындағы игілікті істі аудандағы барлық ауыл жұрты жалғастырады деген ниетте.  Аймақтағы Almaty.tv тілшісі Мерей Бает жақсы істің жанында болып қайтқан еді. Бейнесюжет көріңіз.

Ішімдіксіз ауыл жобасы Жамбыл ауылдық округінде былтыр бастау алған. Бастаманы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті көтеріпті. Мекеменің алкоголь өнімдерін тұтынуды тоқтату жөніндегі ұсынысын жергілікті ақсақалдар мен жастар қолдаған.  Солайша жеті жарым мың тұрғыны бар бес ауылдағы ағайын ішімдіктен түбегейлі бас тартты.

«Осындай іс-шаралар әр ауылда жасалса деген ниеттеміз. Арақ сатылмасын деген акциямен бүгін шығып отырмыз. Ол тек қана ораза айында емес жыл 12 ай сатылмайтын болды», – деді аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Жанболат Оразбай.

Иә, бұл маусымдық шара емес. Себебі аймақтағы 22 дүкеннің қожайыны бір ауыздан осындай шешімді қолдап отыр.  Енді ауыл тұрғындары салауатты өмір салтына біржола ден қоймақ. Тіпті, рамазан айынан кейін де арақ-шарапты саудаламауға бел буған. Себебі:

«Кәсіпкерлер өздерінің қолында бар рұқсаттамадан өз еркімен бас тартқан. Яғни, арақ сатуға арналған лицензиясын кері тапсырып, толықтай осы ішімдіксіз сауда жүргіземіз деп алға тартып жатыр», – деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірініш орынбасары Равиль Төлебаев.

«Енді аудан көлемінде біз ары қарай да осы ауылды үлгі ете отырып, басқа ауылдық округтерге осы жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Жалпы ойлаймыз аудан деңгейінде барлық 17 округте осындай жұмыстар жүргіземіз деп», – деді Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев.

Ақсақалдар кеңесі бұл бастама құқық бұзушылық пен жұмыссыздықтың азаюна әсер ететіне сенімді. Сонымен қатар, ауылдықтар қайырымдылық жасап, ауылдағы үй күйсіз жандарға асарлатып үй де салып берген.

Рамазан айының тұсында атқарылып жатқан игілікті істер мұнымен бітпейді. Ауылдық еріктілер мен кәсіпкерлер мына біз тұрған ауыл ортасындағы қараусыз саябақты да сәнге келтірмек. Мұндағы өскен тал-дарақтарды ретке келтіріп, осындағы 400 шаршы мерт аумаққа спорт кешенін салуды көздеп отыр. Иә, мұндай ауқымды істер өзге де елдімекендерге үлгі болары сөзсіз.

Мерей Бает, Ғани Қаныбек, «Алматы» арнасы, Жамбыл облысынан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир