Алматылық құтқарушылар еріктілерге шеберлік сағатын өткізді

 Almaty.tv
Almaty.tv
Алдағы уақытта іс-шараға полицейлер мен Ұлттық ұлан сарбаздары қатысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық құтқарушылар алдағы уақытта полицейлер мен Ұлттық ұлан сарбаздарына арнайы шеберлік сағатын өткізбек. Яғни суға батып бара жатқан адамды құтқару жолдары мен алғашқы көмек көрсетуді үйретеді. Мамандар аталмыш іс-шараны бүгін еріктілерге ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Бұған басты себеп төтенше жағдайда адамдарды құтқарушыларсыз аман алып қалу. Айта кетейік, өткен жылдың өзінде қалада 4 адам суға кеткен. Оның біреуі кемелетке толмаған бала.  

«Суға шомылу маусымында департамент қызметкерлерімен іс-шара жүргізіп жатырмыз. Мақсаты – Сайрам секілді су қоймаларында қауіптің алдын алу», – деді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Қуанышбек Әбіров


Новости партнеров