|
07.06.2021 | 19:40
5072

Алматы облысының полицейлері селден аман қалған Зере Бисембайға алғыс хат табыстады

Дәрігерлердің айтуынша, Зеренің денсаулығы жақсы

Алматы облысының полицейлері селден аман қалған Зере Бисембайға алғыс хат табыстады стоп-кадр

Шарын шатқалында болған апаттан аман қалған Зере Бисембай мен ата-анасы марапатталды. Табиғи апат салдарынан қауіпті жағдайға тап болып, төтенше жағдай кезінде батылдық танытқаны үшін Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Зеренің үйіне арнайы барып, алғыс хат табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

29 мамырда 10 жастағы қызды сел Шарын шатқалының бойымен 3 шақырымға дейін ағызып алып кеткен еді. Ол ағаш бұтақтарына қарманып, судан шыққан. Кейін бірдіндеп тау басына жетіпті. Бір күн бойы далада қалған қаршадай қызды құтқарушылар таң ата тауып алған болатын. Ал, Зеренің ата-анасы сол түні құтқару операциясын бір минутқа да тоқтатпаған қызметкерлерге алғысын жеткізді.  

«Аллаға шүкір, қызымыздың табылғанына. Мен сағат 19:30-дан бастап сол жерде болдым. Сол жерде жүрді барлық, құтқару қызметі де, полицейлер де жүрді сол жерде, бәріне алғыс айтамын», – деді Зере Бисембайдың әкесі Ұлан Бисембайұлы.

Дәрігерлердің айтуынша, Зеренің денсаулығы жақсы. 4 маусымда үйіне шығарылған. Қазір амбулаториялық ем қабылдауда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир