800 отбасыға 800 кілем: Алматыда «Жүректен жүрекке» акциясы өтті

Игі бастаманы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы көтеріп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

800 отбасыға 800 кілем берілді. «Жүректен жүрекке» акциясы аясында қаладағы осал топтағы отбасылар мен көпбалалы аналарға осындай тұрмысқа қажетті бұйымдар сыйлыққа үлестірілді. Игі бастаманы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы көтеріп отыр. Айта кетейік, шара Алматының туған күні қарсаңында арнайы ұйымдастырлған, деп хабарлайды Almaty.tv

Рәзия Бахибекова қалада аутизммен ауыратын балаларға көмек көрсететін әлеуметтік орталық ашқан. Өзі көпбалалы ана. Бүгінге дейін оңалту орталығы 100-ден астам жеткіншектің тұрақты ем қабылдап, құжаттарының рәсімделуіне көмектесіп келеді.    

«Қазір орталыққа 15 бала келіп ем қабылдап жүр. Оларға басқа да тегін көмектер көрсетіледі. Мақсатым еліміздегі ауру балаларға көмек көрсету, олардың саны азайса екен дейміз», – деді Әлеуметтік орталықтың жетекшісі Рәзия Бахибекова.

Қалада Рәзия секілді мемлекеттен грант алып, оны мүгедек бала асырап отырған отбасыларға көмек ретінде демеу көрсетіп жүрген аналар қатары көп. Бүгін оларға қала күні қарсаңында сыйлықтар үлестірілді.  

«Біздің қорымызда Медеу ауданы Алматы қаласы бойынша аз қамтылған, көпбалалы, мүгедек бала асырап отырған отбасылар қамқорымызда бар. Олардың саны 3 мыңға жуық», – деді Әлеуметтік орталықтың жетекшісі Аида Букаева.

Қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының айтуынша, жыл басынан бері 527 мыңнан астам отбасы әлемуеттік көмекпен қамтылған.

«Бізде әлеуметтік үйіміз бар, ашылғалы бері 600 мыңнан астам адам қабылдадық. Қазір мүмкіндігі шектеулі 57 мыңнан астам адам  бар және көпбалалы аналардың саны 27 мыңнан асады», – деді Қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Нәзира Тоғызбаева.

Биыл осал топтағы отбасыларға көмек көрсету үшін бірнеше жобамен келісімшарт жасалған. Нәтижесінде 34 көпбалалы ана түрлі бағытта арнайы курстан өткен. Әрқайсысы мемлекеттен 5 млн-ға дейін грант алып, кәсібін дөңгелетіп жүр.

Ұлағат Арғын, Жасұлан Өмірзақов «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров