|
02.12.2022 | 20:53
4168

Алматыдағы ойын-сауық орталықтарының бірінен өрт шықты - сейсможаттығу өтті

Мақсат - қауіпсіздік шараларын жүйелі түрде қамтамасыз ету

Алматыдағы ойын-сауық орталықтарының бірінен өрт шықты - сейсможаттығу өтті Almaty.tv.

Алматыдағы ойын-сауық орталықтарының бірінен өрт шықты. Төтенше жағдай кезінде ғимарат ішіндегі адамдар бірден қауіпсіз аймаққа шығарылды. Тілсіз жау 150 шаршы метрге дейін тараған. Зардап шеккендер жоқ. Төтеншеліктер қауіптің толығымен алдын алды,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Төтенше жағдай туралы ақпарат бүгін таңғы сағат 10:45-те келіп түскен. Өрт ғимараттың жоғары бөлігінен тұтанған. Алдын-ала болжам бойынша сымдардың қысқа тұйықталу себеп болуы  мүмкін. Сауда орын ішінде алаңсыз жүрген адамдар бірден сыртқа шығарылды.


Бұл арнайы сценарийге құрылған оқу-жаттығу жиыны болатын. Мақсат - қауіпсіздік шараларын жүйелі түрде қамтамасыз ету және төтенше жағдай кезінде топтың дайындығын арттыру. Ауқымды жұмыс қалалық деңгейді жылына бір рет өткізіледі.

«Екі автокөліктің соқтығысынан бір машинада бір жәбірленуші болды. Құтқару қызметкерлері жәбірленушіні көліктен шығарып алып, жедел жәрдем мамандарына тапсырды. Мұндай іс-шаралар өткізіп жатқан себебіміз - біздің қызметкерлердің кәсібилігін, шеберлігін арттыру», – деді  ТЖД бөлім бастығы Айдар Ысқабаев

Оқу-жаттығу алаңында кинолог мамандар да жұмыс істеді. Жер сілкінісі кезінде үйінді арасында қалған адамдарды иттер іздеп тапты. Қалалық құтқару қызметінде осындай 5 жануар бар екен. Олар қызметкерлерге көмекші ғана емес, жақын дос болатын ерекше қабілетке ие.

«Бұл иттің ерекшелігі – ақылды. Бұлар бельгиялық овчаркалар. Жаттығу кезінде тез қабылдайды және тез түсінеді», – деді кинолог Мадияр Махметов

Жаттығу алаңында сейсмолог мамандар да өз қабілетін шыңдады. Алматы - таулы аймақта орналасқандықтан, жер сілкіну қауіпі жоғары. Жыл басынан бері мегаполисте төмен баллдық 200-ге жуық жер сілкіну дерегі тіркелген. Қала тұрғындарына төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігі туралы түсіндірілді.

«Сейсмология институтының болжауы бойынша, 2022 жылдық соңына дейін Алматыда магнитуда 5.5-ке тең немесе одан жоғары жер сілкінбейді», – деді Сейсмология институтының бөлім меңгерушісі Елизавета Есенжігітова.

Алматыда жер сілкінуден кейін халыққа көмек көрсететін қауіпсіздік алаңдары көбейген. Бұған дейін 255 болса, биыл олардың саны 384-ке жетіпті. Мамандар мұны қала аумағының жыл санап үлкейіп және тұрғын санының артуымен түсіндіріп отыр.

Ұлағат Арғын, Мейрам Исабеков, «Алматы» теларнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир