Қазақстанда қант тапшылығы жоқ – Ержан Қазанбаев

elements.envato.com
elements.envato.com
Оның айтуынша, уақытылы жеткізілмеуімен байланысты кейбір сауда желілерінде қант тапшылығы тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда қант тапшылығы жоқ. Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтің айтуынша, бүгінде ақ шекердің жеткілікті қоры бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, уақытылы жеткізілмеуімен байланысты кейбір сауда желілерінде қант тапшылығы тіркелген. Естеріңізге салайық, бұған дейін Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қант тапшылығы барын мойындаған еді. Ол  Ресейден қант экспортына тыйым салынғанын айтқан. 

«Біздің еліміздің кейбір аймақтарында халықтың жөнсіз дүрлігуі байқалады. Олай етуге болмайды. Қантты жеткізу тұрақты жүргізіліп жатыр.  Кейбір бөлшек сауда желілері мен нысандарда тапшылық бар шығар, бірақ бұл жүктің жеткізілуіне байланысты туындап отыр. Бізге күнделікті вагонмен келеді. Бірақ ірі және орта сауда орындарында қант жеткілікті мөлшерде бар», – деді ҚР ИСМ Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев.


Новости партнеров