Алматыда өтетін AMANAT партиясының қалалық конференциясына 100 делегат қатысады

Almaty.tv
Almaty.tv
30 қыркүйекте кезектен тыс XXIX қалалық партия конференциясы өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өтетін AMANAT партиясының қалалық конференциясына 100 делегат қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Алматының сегіз ауданында партиялық конференциялар өтті. Бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарында сайланған 500-ден астам делегат AMANAT партиясының жаңа саяси платформасының жобасын талқылады.

«Партияның жаңа саяси платформасының ұсынылып отырған жобасы елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси өзгерістердің логикасына толық сәйкес келеді. Бұл азаматтардың әл - ауқатын арттыруға ықпал ете алатын негізгі құралдар мен партиялық бастамаларды кеңінен қамтитын уақтылы идеологиялық құжат», - деп атап өтті партияның Алмалы аудандық филиалының конференция делегаты А.Ақанова.

Сонымен қатар, ертең 30 қыркүйекте кезектен тыс XXIX қалалық партия конференциясы өтеді.

Новости партнеров