|
30.04.2021 | 20:09
10393

Әйгілі композитор, халық әртісі Ескендір Хасанғалиев өмірден озды

Қаралы хабарды ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев жеткізді

Әйгілі композитор, халық әртісі Ескендір Хасанғалиев өмірден озды

Әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСР халық әртісі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озды, деп хабарлайды Almaty.tv. Қаралы хабарды  ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев жеткізді. 

«Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР халық әртісі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын!» – деп жазады ол өзінің Facebook-тегі парақшасында. 

Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. 1959 жылы Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хор фaкультетiн, 1978 жылы Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бітірді. 

Өмірін өнерге арнаған Хасанғалиевтің «Атамекен», «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Ескірмеген махаббат» әндерін білмейтін қазақ жоқ. Ескенді Хасанғалиев – қазақтың ән өнеріне зор үлесін қосқан сазгер. Оның репертуарындағы авторлық туындылары ел жүрегінен ойып тұрып орын алған. Шығармашылық ғұмырында орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне де ән жазған. 

200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармалардың автор болды. Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның екі қызы мен бір ұлы бар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир