Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ: Алматыдағы тергеу изоляторында мемлекеттік қызметкерлерге экскурсия жүргізді

 Almaty.tv
Almaty.tv
ЛА 155/18 түзеу мекемесінде 10 адам мерзімін өтеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы ЛА 155/18 түзеу мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотталған 10 адам мерзімін өтеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жегі құртқа айналған жемқорлықтың көлеңкесін болдырмау мақсатында бүгін Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тергеу изоляторында мемлекеттік қызметкерлерге экскурсия жүргізді. Мұндай шараны өткізудегі басты мақсат –  әрбір қызметкерге қоғамда құқық бұзушылықтың жиілеп кеткенін  түсіндіру.  Тек өткен жылдың өзінде Алматы қаласы бойынша 57 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.

«Қызметкерлер қандай жауапкершілік бар екенін сезіне білмейді. Сол себепті өздерінің көзімен қарап, ешқандай ақша, қызмет бас бостандыған сатып алу мүмкін еместігін көрсету», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша алдын ала бақылау департаментінің басшысы Қанат Сәлімбаев.

Экскурсия барысында мемлекеттік қызметкерлерге ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге арналған режимдік корпус таныстырылды. Олар экскурсиядан алған әсерлерін бөлісіп, кез-келген азамат өз жұмысына адал болу керек деген ой түйгенін жеткізді.

«Жүрекке қатты әсер етті. Біреу біліп істейді, біреу білмей істейді. Құдай аясын. Оңай емес. Соттың шешімімен ешқайда қашып құтыла алмайды. Қайда болса да өтеу керек. Басқа жемқорлықпен алынған ақшаны қайтару үкімге байланысты шығады», – деді ж. Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының бас есепшісі Ержан Сапарымбетов.

Новости партнеров