"Орбита-3" ықшамауданы тұрғындары жаз бойы ыстық су көрмеген

"Орбита-3" ықшамауданы тұрғындары жаз бойы ыстық су көрмеген
Суды 40 градусқа жеткізу үшін 40 минут суды ағызып қоюға тура келеді екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ыстық су деген аты болғанымен, оны пайдалана алмаймыз. Есесіне, ыстық судың ақысын тарифке сай төлейміз. Қып-қызыл ақшаны ай сайын алып отырған «Алматы жылу жүйесі» мекемесіне олқылықтың орнын реттеу туралы соттың шешімі шықса да, оңалып жатқан жағдай жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал монополистер, судың 60 градус ыстықпен   ағатынын тұрғындар күтпей ақ қойсын дейді.

Алты жылдан бері "Орбита-3" ықшамауданының тұрғындары жаз бойы ыстық су жөнді берілмейді дейді. Айтуларынша, ыстық суды алу үшін, алдымен жарты сағат суық суды сарқырату керек. Тұрғындар ай сайын ыстық суға төлеп отырған қып-қызыл ақшамыз желге ұшады деп наразы. Шыдамы таусылған бұқара қақпаған есігіміз қалмады дейді.  

«Біздің өтінішімізге  монополист «Алматы жылу жүйесі» елемеді де. Сондықтан, Табиғи монополияларды реттеу департаменті, Энергетика департаменті мен Мемлекеттік  қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне шағымдандық. Нәтижесінде Табиғи монополияларды реттеу департаменті монополистке мәселені шешуге ұйғарым шығарды. Сондай-ақ, экономикалық сотта монополисттің бұл әрекеті үшін 20 миллион теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, олқылық реттелсін деген шешім шығарған еді.  Бірақ, екі жылдан бері еш нәрсе өзгерген жоқ. Бәз бағыдай ыстық су жоқ», – дейді Владимир МАЛИШЕВСКИЙ.

Біз шын мәнінде де ыстық суды ағызып көрдік. 7 минут бойы күттік. Бірақ қол күйдіретіндей ешқандай ыстық су жоқ екеніне көзіміз жетіп  тұр, міне. Тек қана жәй қанжылы болып тұр. Тұрғындар балаларымызды жуындыру үшін  газға ыстытып қолданамыз дейді. Ал үлкендері өздерінің денсаулықтарын салқын сумен шыңдауа көшкендерін айтады. Кем дегенде 40 градусқа жеткізу үшін 40 минут суды ағызып қоюға тура келеді екен.  

«Баяғыдан сондай, жазда ыстық су болғаны есімде жоқ. Тек жылыту мауысымы басталған кезде ғана кәдімгідей дұрыс жылиды. Басқа кездің бәрінде суық су қолданамыз. Кейде ваннаға түсу керек болса, 30-40 минут ағызып қоюға тура келеді», – деді Абай САТЫМБЕКОВ.

Ал, "Алматы жылу жүйесі" мекемесінің мамандары, дәл осы ықшамаудандағы №52 үйдің жағдайы түзелмейтінін кесіп айтты. Өйкені, су айналымының қарқыны бәсеңдеген.  Арнайы есептеуіш құрал орнатылғаннан кейін, тұрғындар бұрынғыдай бей-берекет ыстық суды пайдалануды тоқтатқан. Сәйкесінше, су айналымы түсіп кеткен дейді.

«Қазір тұрғындар пайдаланып жатқан судың температурасын көтеру техникалық жағынан мүмкін емес. Өйткені, судың айналымы төмен. Бұрындары тұрғындар адам санына қарай норматив бойынша ақы төлеп келген. Ол кезде айналымды арттыру үшін жұмсалған суға тұтынушы емес, компания төлеп келген.  Ал қазір арнайы есептеуіш құрал орнатылған соң, пайдаланға судың текшеметріне  қаражат төлейді. Тұрғындардың ыстық судың айналымын арттыруға ықпал етпесе ол өзгермейді. Ал мұндайға келіспесе, тұрғындар  пәтерге бойлер орнатып алуларына болады», – деді «Алматы жылу жүйесі» МКК ресми өкілі Ян ГИРИН.

Монополистердің қазіргі бұл кеңесіне кейбір тұрғындар әлдеқашан құлақ түргендей. Бұқара қалталарын текке қаққан ыстық суға ақы төлегенше, электр қуатымен ыситын арнайы бойлер орнатуға көшкен.

«Жылыту маусымы біткеннен кейін келесі маусымға дейін ыстық су жоқ. 20 минут ағызып қойсақ та, жай жылы су ағып тұрады. Сондықтан да, ыстық суға тым көп қаражат төлеп келдік. Мен 2-3 жылдан бері су ысытатын бойлер қолданамын. Электр қуатын пайдалану тиімді. Ар арнайы есептеуіш құралды орнатар алдында пәтер иелері кооперативі алдын-ала айтқан  жоқ», – деді тұрғындардың бірі.

Ал арнайы есептеуіш  құрылғыны жұрттың рұқсатынсыз, бір ауыз ақылдаспастан  орнатқан пәтер иелері кооперативі тілшілер тобына ескіті ашпай қойды.  

Тұрғындардың топшылауынша, пәтер иелері кооперативінің монополистермен ым-жымы бір.  Алматы жылу жүйесі, ыстық судың жөнді берілуі үшін қырауар ақша құйып құбыр жүйесін жаңғырту керек дейді.  Оған дейін, тұрғындар бұрынғыдай кем дегенде 60 градус ыстық суды пайдаланғысы келсе, басқа амалын іздеп өздері бас қатыра тұруларына тура келеді. Ал температурасы қанжылым суды тұтынуды тоқтатпаса, бекітілген тарифпен төлейтін түбіртек келе бермек.

Әйгерім Ердәулетқызы, Әсет Құндақбаев «Алматы» телеарнасы.

Новости партнеров