|
25.08.2021 | 20:00
970

Келер жылы ТМД cыйлығын қазақстандық екі компания иеленуі мүмкін

Аталған сыйлық Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін конкурстық негізде беріледі

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы cыйлығын келесі жылы екі бірдей қазақстандық компания иеленуі мүмкін. «Алматы Көпір құрылымдары» зауыты мен «Келет» компаниясы осындай беделді байқауда елімізді таныстырады, деп хабарлайды Almaty.tv

Аталған сыйлық Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін конкурстық негізде беріледі. Екінші күн қатарынан тексеріліп жатқан «Алматы Көпір құрылымдары» зауытына Ресейден келген доцент Мария Юрасова тағайындалыпты.

«Біздің коммисия бұл кәсіпорындарды сыйлық критерийлеріне сәйкестігін тексереді. Өнімнің барлық кезеңдерін ескеретін тоғыз критерия бойынша баға беріледі», – деді «ТМД сыйлығы-2021» комиссиясының мүшесі (Ресей) Мария Юрасова.

Тәуелсіздікпен тарихы тұспа-тұс келетін компанияның басшылығы бұл сыйлықты алуға өздерін лайықты деп санайтынын айтты. Пандемияға қарамастан зауыттың жұмысы қауырт көрінеді.

«Зауытта пандемиядағы жұмыс алгоритмі жасалды. Міне, бүгінгі күні зауыт пандемия кезінде де экспортқа өнім шығарады. Яғни, бізде барлық мүмкіндіктер бар және біз осы сыйлыққа қатысу әлеуетіне иеміз және менің ойымша, біз осы байқауда лайықты орын аламыз», – деді компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Шухрад Шардинов.

Ал, «Келет» компаниясы үшін бұл бірінші рет алынған асу емес. Осыған дейін «Алтын сапа» иегері атанған бұл компания, 2007 жылы Мадрид қаласында «Алтын жұлдыз» бен де марапатталған. 1992 жылы 4 адам боп басталған бизнес қазір әлемдік деңгейге шығып отыр. Тіпті, құрылғалы бері мемлекетке 9 млрд тенгеге жуық салық төлеп үлгерген.

«Қазақстанға қызмет етеміз. Біз халықты ауыз сумен , жылумен қамтамасыз етеміз, электр желілерін, сорғы стансаларын өндіреміз және егістіктерді суаруды, ауыл шаруашылығы саласында қызмет етеміз. Осыған байланысты біз осы күрделі кезеңде тиісті жоспарды орындағанымызға қуаныштымыз», – деді компанияның вице-президенті Александр Папп.

«Мен бұл ұйым «Алтын сапа» сыйлығының лауриаты болғаны бекер емес деп айтқым келеді, бұл біріншіден, екіншіден, ТМД сыйлығына ұсынуға лайықты», – деді «ТМД сыйлығы-2021» комиссиясының мүшесі (Ресей) Светлана Владимировна.

Екі күнге созылған сарапшылардың бақылауы бойынша отандық компаниялар сыйлыққа лайық деп танылды. Шешім тек келер жылы белгілі болмақ. Айта кетейік, бұл мемлекетаралық байқаудың 59 отырысы. Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекетінен 5 сарапшы келген.

Сая Есімхан, Ялкунжан Ашимжанов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир