|
05.02.2021 | 20:01
6266

Тараздағы жанжал: жолдың жағдайына наразы тұрғындар көлік қозғалысын тоқтатты

Мұндағылар мәселенің кеше-бүгін емес, сонау 10 жыл бұрын басталғанын айтады

Тараздағы жанжал: жолдың жағдайына наразы тұрғындар көлік қозғалысын тоқтатты Almaty.tv

Шағын көшедегі үлкен шу. Мәселемізді тыңдар жан жоқ деген тараздық тұрғындар көшені жауып тастады. Автокөлік ағынын бөгеп бетон тастарды тас жолға қойған жұрт, қала әкімдігінен мәселемізді шешіп берсін деген талап қойды. Мән-жайды Almaty.tv тілшісі Мерей Бает баяндайды.

Қапал көшесінің тұрғындары «мұндай әрекетке амалсыз бардық» - деп отыр. Мұндағылар мәселенің кеше-бүгін емес, сонау 10 жыл бұрын басталғанын айтады. Мына көпқабатты үйлер салына бастағанда, әкімдік құрылыс материалдарын тасу үшін ғана «тар көшемен жүк көліктері уақытша жүреді» деп сендірген. Кейін кешенге жаңа жол түседі деп уәде берген көрінеді. Дегенмен, жұмыс аяқталған соң көлік ағыны бірнеше есе артып, бұл жермен алаңсыз жүру мұңға айналған.

Блиц: 

- Бізде жарық, асфальт жоқ. Мына жерде жазда балалар ойнайды. Екі рет екі қыз баланы көлік қағып кетті. Мына жақтан жол ашып берсе дейміз.

- Көлігі бары да, жоғы да осы жерден шығады. Қараңызшы, адамдар қалай жүреді?

Қазір мұнда көлік те, жүргінші де қатнайды. Балалардың ойнайтын алаңы да осы. Шарасыздықтан әрине. Тұрғындар қордаланған мәселе, айналма жол салынса ғана шешілер еді. Бұл талаппен біраз басшы табалдырығын тоздырдық, - дейді. Бірақ, құлақ түрген ешкім болмаған. Дегенмен, әкімдік өкілдері, жолдың жабылғанын естіп жедел жетті.

«Бұл жерде қандай проблема көріп тұрсыздар сіздер? Ешқандай проблема жоқ. Бұл жерде жолды кеңейтіп берсін деп отыр. Түсініп отырсыздар ма? Қазіргі таңда мұндай шешім қабылдай алмаймыз», – деді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Зият Тұрсынұлы.

«Бас жоспарға сәйкес бұның статусы шағын көше. Бұл арнайы дәу көше емес. Ал өздеріңіз көріп тұрғандай, шағын көшеге ұқсай ма?» – деді қалалық Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алмас Бөбеев.

Мамандар аталған тұйық бас жоспарда тар, статусы шағын көше деп көрсетілген, - деп отыр. Сондықтан, кең жол тек қаланың бас жоспары өзгертілсе ғана түседі екен. Оған арнайы зерделеу керектігі тағы бар. Бірақ бұл жұмыстар әкімдіктің жоспарында мүлдем жоқ. көрінеді. Сондықтан айналма жол қала тұрғындары үшін әзірге арман күйінде қала бермек.

Мерей Бает, Шыңғысхан Кеңесхан «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир