Қаңтар оқиғасының негізгі себебінің бірі парақорлық болды – сарапшылар

Almaty.tv
Almaty.tv
Сарапшылар жалған ақпарға сеніп қалмай, құзырлы органдардың жауабын күту керек дейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қоғамның дерті – жемқорлық. Саясаткер Азаматхан Әміртай қаңтардағы толқынды тудырған негізгі мәселе осы парақорлық дейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, Президенттің өзі «бармақ басты, көз қыстылықтың» жүйеге айналуы Қаңтар трагедиясының да басты себебі деп атады. Сондықтан жекелеген іс-шаралар жемқорлықты түбірімен жоя алмайды.

Саясаткердің айтуынша, кешенді саяси және экономикалық жүйелі реформалар жүргізілуі тиіс. Әрі оның техникалық базасын жасақтай отырып, заңды жетілдіру және дұрыс кадрлық саясатты қолға алу қажет деп есептейді.

«Халықтың өзі шықты, халықтың өзі бастады. Барлық нәрсе болды. Бұл жерде кінә екі жақтан да болып тұр. Арнайы террористік ұйымдар болған. Құқықтық мекемелер сонымен айналысуы керек. Олар заң алдында жауап беруі керек», - деді «Байтақ-болашақ» экологиялық альянсының төрағасы Азаматхан Әміртай.

Ал депутат Айгүл Құспан қаңтар оқиғасы кезінде таразы басында Тәуелсіздігіміз тұрды дейді. Сондықтан жалған ақпарға сеніп қалмай, тек құзырлы органдардың жауабын күту керек деп санайды. Қазір тергеу аяқталғанша асығыс шешім қабылдап, кінәсіздерді жазалаудан сақ болуымыз керек.

«Қаншама адам өлімі болды. Қорқыныш болды. Өте ұят болды. Көп жағымсыз нәрселер орын алды. Мысалы, дүкендерді тонау дегендерді көргенде өз басым, қатты ұялдым. Біз 30 жыл бойы ең тұрақты елміз деп айтып келдік, сол тұрақтылығымыздан 3 күнде айырылып қала жаздадық», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан.

Новости партнеров