Алматыда электр самокатын жүргізуді үйрететін арнайы мектеп ашылды
Almaty.tv
Мақсаты – қалада қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда электр самокатын жүргізуді үйрететін арнайы мектеп ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Нұсқаушылар азаматтарға құрылғыны қауіпсіз пайдалану ережесін тегін үйретеді. Тұрғындарға жолда жүру ережелерімен қоса, электр самокатын дұрыс жүргізу және тұраққа қою әдісі түсіндіріледі. Нәтижесінде арнайы сынақтан өткен пайдаланушылар жеңілдік бонусын алуға мүмкіндік беретін промокодқа ие болады. Сондай-ақ оларға жылдамдықты арттыруға да мүмкіндік беріледі.
«Қазіргі уақытта біз әкімдікпен меморандум жасап, автомектеп ашамыз деп ережелерді бекіттік. Қалада қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін біз пайдаланушыларды оқытамыз»,– деді самокаттарды жалға беру компаниясының өкілі Станислав Молчанов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
07.11.2026 09:20
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01