Алматыда 606 мыңға жуық тұрғын онлайн санаққа қатысты

Almaty.tv
Almaty.tv
30 қазанға дейін виртуалды сауалнамадан өтпеген респонденттер үшін дәстүрлі жалпы аралау басталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін елімізде өтіп жатқан онлайн санақтың соңғы күні. Сондықтан ел қалаулылары мен қоғам қайраткерлері 10 жылда бір келетін науқанға атсалысып, көпшілікті жауапкершілік танытуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.      

Негізі, ұлттық санақ басталғалы 606 мыңға жуық алматылық науқанға қатысып, онлайн тіркеліпті.  

«Санақтың онлайн түрі еш қиындық тудырмады. Жұмыста немесе үйде жүріп-ақ өтуге болады. Мәселен, мен 10 минут ішінде барлық сұрақтарына жауап беріп, сауалнамадан өттім. Сондықтан өзгелерге де санақтан өтуге кеңес беремін», – деді қалалық мәслихат депутаты Алтынай Көбеева.

Айта кетсек, науқан басында Ұлттық статистика бюросы биыл санақты өткізу процесі автоматтандырылғанын және оған заманауи сандық технологиялар енгізілгенін хабарлаған еді. Соның нәтижесінде, тұрғындар ел үшін маңызды науқанға онлайн қатысуға мүмкіндік алды.

Енді 30 қазанға дейін виртуалды түрде сауалнамадан өтпеген респонденттер үшін дәстүрлі жалпы аралау басталады. Қолдарына планшет ұстаған интервьюерлер үй-үйді аралап, тұрғындарды базаға енгізеді.  

Новости партнеров