«Алматыда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін»: Мамандар әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

faktiler.kz
faktiler.kz
Мамандардың айтуынша, алдағы бір жылда қатты зілзала болмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін. Дәл осындай ақпарат әлеуметтік желіде желдей ескен еді. Әйтсе де мамандар бұл ақпаратты жоққа шығарып, алдағы 1 жылда қатты зілзала болмайды деген болжам келтірді, деп хабарлайы Almaty.tv тілшісі.

Сондықтан қала халқының даурығуына еш негіз жоқ дейді Республикалық сейсмология институтындағылар. Олар жылда жер сілкіну ықтималдылығы бар елді-мекендердің белгіленетінін айтады.

«Әлеуметтік желіде жақында жойқын жер сілкінісі қайталануы мүмкін деген ақпарат тарап жатқаны рас. Біздің сейсмология институының мамандары 9-10 балдық жер сілкінісі болады дегенді айтқан жоқ. Сондықтан, Алматы қаласының тұрғындарына ешқандай үрейге берілуге немесе уайымдауға негіз жоқ есептеймін», – деді Сейсмология институтының аға ғылыми қызметкері Айгүл Төлебайқызы.

Кеше сағат 21:50-де Алматы қаласынан 70 км оңтүстік-шығысқа қарай, магнитудасы әлсіз жер сілкінісі тіркелді. Таулы өлкеде орналасқандықтан бұл қалыпты жағдай. Алматы қаласының тұрғындарына  2-3 баллмен сезілді.

«Жер сілкінісін негізі сейсмикалық стансалар тіркеп отырады. Күнделікті 10,100  жер сілкінісі болып тұрады. Сейсмикалық қондырғылар Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында орналасқан 59 сейсмикалық станаса бар. Осы қүрылғылар күнделікті болып жатқан жер сілкінісін тіркеп отырады. Институтта 3 бағытта болжам жасалады. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді болжам. Орта мерзімді – 1 жылға, қысқа мерзімді – 1 аптаға беріледі. Бізге қаңтар айының басында болжам берілді. Бұл болжам бойынша осы жылы Алматы қаласында 7 баллдан жоғары жер сілкінісі болмайды деп көрсетілген. Ықтималдылық 0.7 пайызға тең деп айта аламыз», – деді Сейсмология институтының аға ғылыми қызметкері Айгүл Төлебайқызы.

Новости партнеров