|
31.10.2020 | 21:58
8776

Алматыда карантин режимін сақтау бойынша рейдтер өткізілуде

Әуезов ауданында тексеруге шыққан мобильді топ 3 бірдей тәртіп бұзушылықты анықтады

Алматыда карантин режимін сақтау бойынша рейдтер өткізілуде Almaty.tv

Алматыда карантин режимін сақтау бойынша рейдтер жалғасуда. Күні кеше ғана Әуезов ауданында тексеруге шыққан мобильді топ 3 бірдей тәртіп бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сөйтсе, қоғамдық тамақтану орындары түнгі сағат 23:00-ден кейін де жұмысын тоқтатпай, келушілерге қызмет ете берген. Одан өзге 3 мекемеде де карантиндік режим бұзылған. Бұған дейін де оның екеуінен бірталай олқылық анықталып, айыппұл тағылған екен.  

Сағат түнгі 23:00-ден асып кетсе де, бұл мекеме еш жабылар емес. Келушілер көңіл көтеріп, сақтық шараларын сақтауды мүлде естен шығарған. Ауданда астыртын жұмыс істеген тағы бір мейрамханалардың бірі, тіпті, хэллоуин мерекесін тойлауды бастап кетіпті. Мұндағылар карантин кезінде шектеу шараларын сақтамақ түгілі, бұл орынды қорқор шегетін жертөлеге айналдырып жіберіпті.

Келесі қоғамдық тамақтану орнына бас сұққан тексерушілерге қарсылық танытқандар да болды. Олардың қоқан-лоққы көрсеткенін біздің арнаның түсірілім тобы бейнекамераға түсіріп улгерген.

«30 қазаннан 31 қазанға қараған түні Әуезов ауданының мобильді тобы рейдке шықты. 3 қоғамдық тамақтану орнының карантин талаптарын сақтамай, бас санитарлық дәрігердің қаулысына бағынбағаны анықталды.  Олар түнгі сағат 23:00-ден кейін жұмысын жалғастыра берген. Қоғамдық тамақтану орындарының қожайындарына қатысты әрі қарай шара қолдану үшін хаттамалар толтырылды», – деді Әуезов ауданы кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Тілекқали Нұржанов.

Қалалық бас санитар дәрігердің қаулысына бағынбай жұмыс істеген барлық нысандарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды. Ауданда құрылған мобильді топ карантин талаптарының қатаң сақталуын одан әрі күшейтпек.

Сая Меңдеке, Жанар Ғаниқызы, Мұрат Тайжан, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир