Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі. Бүгін Алматыда түрлі дін өкілдерінің басын қосқан республикалық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиынға қатысушылар дәл қазіргідей алмағайып заманда бейбіт келісімді сақтау мәселесінің маңыздылығына тоқталды. Биыл Рухани келісім күні дәстүрлі түрде отызыншы рет аталып өтті. Осы уақыт аралағында Қазақстан әлем елдеріне татулықты көздеп, дипломатиялық келісім үлгісін көрсетіп келді
«Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа дін өкілдеріне құрметпен қарауымыз, олардың нанымына, сеніміне, дәстүріне, ұстанымына Қазақстанның керісінше, ынтымағын, бірлігін, үйлесімділігін одан ары арттыратын факторлар», – деді қаланың бас имамы Төлеби Оспан
Сондай-ақ, елімізде тағы бір түйіткілді мәселенің бірі – деструктивті ағымдармен күресу. Жат діни идеяларға ілесушілер әсіресе пандемия кезінде көбейген. Бұған әлеуметтік желідегі ақпарат ағынының толастамай тұрғаны да әсер еткен.
«Бұл мәселемен де жұмыс істеуіміз керек, сараптама жүргізіп, мықты мамандарды тартуымыз керек. Өйткені әлеуметтік желідегі парақшаларды бұғаттаумен мәселе шешілмейді», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов.