|
05.08.2022 | 20:46
1132

Алматыда 15 адам грант ұтып алды

Бұл жобаға көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар жандар қатыса алады

Алматыда 15 адам грант ұтып алды Almaty.tv

Алматыда 15 адам 1 миллион 200 мың теңгенің грантын ұтып алған. Бұл жобаға көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар жандар қатыса алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Көп балалы ана, әрі мүдектігі бар сәбидің анасы Сәуле Шаламбаева бүгінде кептірілген жемістерді дайындап, өз кәсібінің нәсібін көріп келеді.

«Біздің тапсырыстар көп болады. Осы жаңа жылға дайындық болып жатыр. Қазір экомагазиндерге, дүкендерге, фитнес орталықтарға өткіземіз», – деді көпбалалы ана Сәуле Шаламбаева.

Айта кетейік, кейіпкеріміз секілді кәсіп бастаймын деген көпбалалы және жалғызбасты аналарға мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдік қарастырылған. Себебі, мұндай бизнес арқылы жұмыс пен үй шаруаларын қатар алып жүруге болады. Ал «Бақытты отбасы» орталығында аналар тегін білім алады.

«Бизнесімді ашам, талпынам деген азаматтарға қазіргі таңда осы мемлекеттен қайтарымсыз грант бөлінеді. Ол 400 айлық есептік көрсеткіштің төңірегінде 1 млн 200 мың теңге. Портал арқылы enbek.kz сайтында оқып, грантқа құжат өткізуге мүмкіншілік болады», – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Көпбалалы ананың ендігі мақсаты – кәсібін кең көлемде дамыту. Мұнан бөлек, алдағы уақытта шәкірт тәрбилеуді де жоспарлап отыр.

Медет Олжай, Дидар Исабеков, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир