Біз мемлекеттік органдар жаңа жүйеге көшетін жолдың басында тұрмыз – Қайрат Келімбетов

Біз мемлекеттік органдар жаңа жүйеге көшетін жолдың басында тұрмыз – Қайрат Келімбетов
Қазақстанның Ұлттық даму жоспары аясында мемлекеттік органдар жыл соңына дейін жаңа жүйеге көшуді жоспарлап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның Ұлттық даму жоспары аясында мемлекеттік органдар жыл соңына дейін жаңа жүйеге көшуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов айтты. Спикер жоспар аясында мемлекеттік органдардың жаңа жүйе бойынша қашан жұмыс істейтінін де жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

 «Жалпыұлттық басымдықтар - экономиканы, біздің әлеуметтік саламызды дамытудың негізгі бағыттарының арнайы тізбесі, олар алдағы бес жылға қандай мақсаттар қоятынымызды, оған қалай қол жеткізетінімізді анық түсіну үшін қажет. Өзгерістер аясында көптеген құжаттар қысқартылды. Біз мемлекеттік органдар жаңа жүйеге көшетін жолдың басында тұрмыз. Көшу жыл соңына дейін жүреді. Ал негізгі бөлігі - ұлттық жобаларға, жаңа бюджеттік бағдарламаларға көшу 1 қыркүйекке дейін аяқталады», – деді ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов.

Новости партнеров