|
05.11.2019 | 21:07
15498

Алматыда тағы бір белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

Орталыққа 900-ге жуық зейнеткер келіп тұрады

Алматыда тағы бір белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

Бүгін «Қалқаман-2» шағынауданында алғашқы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының ресми ашылуы өтті. Мақсат – зейнет жасындағы адамдарды зияткерлік, шығармашылық, қоғамдық өмірге тарту. Орталықтың ашылу рәсіміне аудан әкімі де қатысып, қариялардың ақ батасын алды,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ауданымызда 8 мыңнан астам зейнеткер бар. Орталыққа соның 900-ге жуығы келіп жүр екен. Бұл орталыққа 14 миллиондай инвестиция қаржы құйылған болатын. Қазіргі таңда жаңадан 36 адам жұмыс істеп жатыр. Жаңадан жұмыс орындары ашылды. Енді, бүгінгі таңда бұл орталықта өте көптеген үйірмелер де бар», - деді Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Санжар ТОҒАЙ.

Жаңадан ашылған бұл орталықта қарт адамдар үшін барлық жағдай жасалған. Жүйелі түрде салауатты өмір салты, йога, фитнес, сауықтыру гимнастикасы, би, сурет салу, компьютерлік сауаттылық секциялары бар. Сондай-ақ, апта сайын тегін құқықтық, психологиялық кеңестер, мотивациялық семинарлар мен халықтық өнерді дамыту бойынша шеберлік сабақтары өтіп тұрады.

«Біз барлық жұмысты өз қолымызбен жасаудан бастадық - балтамен де шаптық, кетпенмен де жұмыс жасадық, егін де ордық. Оның бер жағында Одақтың құлаған қасіретін көрдік, партияны тараттық, қайта құру саласында да көптеген қиындықтар көрдік. Сондықтан, біздің жүйке жүйелеріміз әбден тозған. Осындай керемет орталықты ашып, біздің денсаулығымызды жақсартуға көмектесіп жатқан жандарға мың алғыс», - деді зейнеткер Бибайша ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир