|
29.04.2021 | 21:11
7390

Басты мақсат – жұмыс орнын ашу: «Dveri-city» компаниясы енді өз есіктерін шығарады

Әр сауда нүктесінен кез келген интерьер дизайнына сәйкес келетін есікті табуға болады

Басты мақсат – жұмыс орнын ашу: «Dveri-city» компаниясы енді өз есіктерін шығарады Almaty.tv

Қазақстандық «Dveri-city» компаниясы енді өз есіктерін шығарады. Жетекші дүкендер желісі осыған дейін Ресей өндірушілерінің есіктерін республикаға тасымалдаумен айналысып келген еді. Жаңа кәсіпорынның ашылуымен 70-тен аса адам жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, жас ұйым тұрғындарға көктемгі құрылыс маусымына арналған топтаманы ұсынады. Компанияның 6 облыста дүкендері бар. Әр сауда нүктесінен кез келген интерьер дизайнына сәйкес келетін есікті табуға болады.

10 жыл бұрын құрылған «Dveri-city» компаниясы Ресейдің жетекші есік өндірушілерімен жұмыс істеп келеді. Қазір ел нарығында сұранысқа ие дүкендер желісіне айналып үлгерген. Компанияның басымдығы тиімді бағалары мен жоғары сапа, сондай-ақ, дайын өнімдердің үлкен қорында. Мұнда классикалық пішіндерден заманауи стильге дейінгі есік түрлері бар. Бағалары 11 мыңнан басталып, 300 мың теңгеге дейін жетеді.

«Dveri-city» желісінің алдына қойған мақсаты  –  барлық келген клиенттің, алушының жағдайына қарау. Егер ол кісіге төменгі арзан есік керек болса, арзан есік бар. Орта, ортадан сәл жоғары одан кейін қатты қымбат есіктер бар», – деді «Dveri-city» дүкендер желісінің негізін қалаушы Досбол Жылқыбаев.

Компания басшылығы жақын арада есік жасайтын өз кәсіпорнын ашуды жоспарлап отыр. Осылайша отандық өнім шығаратын бірден-бір компанияға айналуға ниетті.

«Қазіргі таңда станоктарды алып келдік. Оған мамандарымыздың барлығы дайын, сай. Тек қана біз шикі өнімді күтіп отырмыз. Менің алдыға қойып отырған мақсатым – бұл қазақстандықтарға, өзіміздің бауырларға жұмыс беру. Бұл жерде алғашқы 70-80 жұмыс орны 70-80  ашылады», – деді «Dveri-city» дүкендер желісінің негізін қалаушы Досбол Жылқыбаев.

Топтамалар әр маусымдағы сәнді түстерге, тенденциялар бойынша үнемі жаңартылып отырады. Әрбір дүкенде есіктердің 200-ден астам ассортименті бар. Компанияның есіктері республиканың 6 облысында қолжетімді. Сондай-ақ, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан елдерімен де сауда-саттық жасайды.

«Қазақстанның әр өңірлерінде ашылып жатырмыз. Бізбен серіктестік жасайтын адмдар да бар, солар арқылы да алуға болады. Тағы Қазақстан бойынша енді Қарағандыда ашылуға ниеттеміз. Семей, Өскемен, Павлодар жақтардан ашылады», – деді «Dveri-city» дүкенінің менеджері Әсем Күнбаева

Айта кетейін, әрбір сауда нүктесінде есіктерге несие рәсімдеуге бар жағдай жасалған. Сондай-ақ, топтамаларды dveri-city.kz сайтынан қарап, үйге дейін жеткізу қызметін пайдалануға болады.

Сымбат Ноғай, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир