"Алматы" арнасының қызметкері Шерхан Мұртазаны еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында бильярдтан бас жүлдеге ие болды

"Алматы" арнасының қызметкері Шерхан Мұртазаны еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында бильярдтан бас жүлдеге ие болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы "Бастау" клубында Халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаны еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында бильярдтан турнир өтті.  "Егемен Қазақстан" газеті және Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен додаға республикамыздың бірқатар аймақтарынан келген  журналистер қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айтулы турнирде  "Егемен Қазақстан" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, ардагер журналист Сарбас Ақтаев және Жазушылар одағының төрғасы Ұлықбек Есдәулет қатысушыларға ақ жол тіледі.

Жарыс екі жас ерекшелігі бойынша өтті. 55 жасқа дейінгілер сайысында бас жүлдені "Алматы" телеарнасы жаңалықтар бөлімінің шығарушы редакторы Үмбетәлі Меймеш олжалады. Екінші орынды "Жамбыл" телеарнасының қызметкері Серік Тәжібаев иеленсе, Жамбыл облысы Жуалы ауданының

"Жаңа өмір" газетінің бас редакторы Берік Жұмабайұлы үшінші сатыға табан тіреді.

Ал ардагерлер арасындағы ақтық бәсеке қазақ телевизиясының көрнекті өкілі Нұртілеу Иманғалиұлы мен  профессор Аязби Бейсенқұл арасында өрбіді. Бұл тартыс Н. Иманғалиұлының пайдасына шешілді. А.Бейсенқұл екінші орын алса, Жазушылар одағының басқарма хатшысы Ғалым Қалибекұлы үшінші сатыға жайғасты.

Халық жазушысы Шерхан Мұртазаны еске түсіруге арналған жарыстың  жеңімпаздарына 150 мың теңге мен арнайы кубок табысталса, жүлдегерлер 100 және 50 мың теңгеден иеленді.

Новости партнеров