Бүгін Мәжіліс депутаттары «Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Құжатта Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің аумағында экстремистік ұйымдарды кіргізбеудің қадамдары айқындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Өңірлік терроризмге қарсы құрылымның аясында тараптардың шекара қызметтері өзара байланыста әрекет етеді. Жылына ең кемі бір рет шекара ведомстволарының басшылары бас қосып, отырыс өткізеді. Отырыста қажетті шешім қабылдап, олар жүзеге асырылады. Бұл тәжірибе «Ынтымақтастық» деген бірлескен шекара операциясы арқылы атқарылады. Осы 2019 жылы Қазақстанның шекара қызметкерлері іздеуде жүрген 10 шетелдікті ұстап, өз елдеріне қайтарды», - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали БІЛІСБЕКОВ.
Сонымен қатар бүгін Парламент Міжілісінің депутаттары «Тұншықтыратын, улы немесе басқа да ұқсас газдар мен бактерологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасын да бекітті.