Алматыда отшашу сататын базарлар жаппай тексеріле бастады

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында отшашудан жарақат алып, ауруханаға түсетіндер көбеяді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тілсіз жаудан болатын оқыс жағдайлардың алдын алу үшін отшашу сататын базарларды жаппай тексеру басталды, хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Рейдке шыққан арнайы топ тұрғындарға үнпарақ таратып, жарылғыш заттан келетін қауіп туралы түсіндірді. Сондай-ақ, пиротехника сатып тұрғандардың тиісті құжаттары тексерілді.

Мамандардың айтуынша, мереке қарсаңында отшашудан жарақат алып, ауруханаға түсетіндер көп. Мәселен, өткен Жаңа жыл түні пиротехниканың кесірінен қалада 3 өрт оқиғасы тіркелген. Осы орайда құтқарушылар қала тұрғындарынан жарылғыш заттарды қолданғанда өте абай болуға шақырады. Олар пиротехникалық бұйымды қалтада алып жүруге, жаймалардан, көшеден сатып алуға, сондай-ақ адамға қарай атуға, бетке жақын ұстауға болмайтынын қатаң ескертеді.

«Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға немесе пайдалануға рұқсат бермей, өздерінің жанында тұрып және ағаш астында немесе желді ауа райы кезінде пайдаланбау керек», - деді Жетісу аудандық ТЖБ бас маманы Арман МӘКЕНОВ.

Новости партнеров