Төлепберген Тобағабыловтың тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылды

Төлепберген Тобағабыловтың тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылды
Ол - «Өкініш», «Тағдыр», «Жазира», «Тағы бір күз», «Түсінсең еді мені», т.б шығармалар жинағының авторы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін қазақ журналистикасына өлшеусіз үлес қосқан, белгілі қаламгер Төлепберген Тобағабыловтың құрметіне арнайы ескерткіш тақта ашылды. Мемориалдық тақта еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, жазушының өзі тұрған  үйдің қабырғасына ілінді. Шараға, қазақ журналистикасының майталмандары, ардагер журналист қауымы мен Төлепберген Тобағабыловтың жақындары жиналды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Қазақ радиосында» 30 жылдан астам қызмет атқарған ол соның 20 жылында «Әдебиет пен өнер» редакциясының бас редакторы болған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ретінде 10-11 кітап жазған. Қара сөзге қан жүгірткіміз келсе, қаламгерге жүгінетініміз рас қой әлі. Қаламгер дегенде сонау Ақпанбет жыраудан бастап, Абай данышпанға келіп тоқтаймыз. Жапондар секілді біз бір-бірімізді тануымыз керек. Сол арқылы өзіміздің ұлтымызды танимыз. Ұлттық құндылықтардың негізі сол шығар деп ойлаймын», - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫ.

Төлепберген Тобағабылов әуелі еңбек жолын Қазақ радиосында редактор болып бастаған.  1967 жылдан бастап Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің телевизия және радиохабарлар жөніндегі Мемлекеттік комитеті арнаулы радиоақпарат басқармасының Бас редакторлығы қызметіне тағайындалды. Сол жылдары Қазақ радиосы әдебиетіміздің таңдаулы туындыларымен толыққан еді деп еске алады үзеңгілес әріптестері. Журналистикадан бөлек, «Өкініш», «Тағдыр», «Жазира», «Тағы бір күз», «Түсінсең еді, мені», «Жүрегім соғьп тұрғанда» сынды повестер мен әңгімелер жинағының авторы.

«Жаңағы Ақселеу, Серіктердің қасында, бәріміз бірге жүрген кеше ғана өтіп кеткен Кемелбек Шаматайда, бәріміз бірге келіп, радиода бірге істедік. Мен теледидарға кетті де, Төкең айнытпай осы қазақ радиосында табандатып 30 жыл бойы қызмет атқарды. Бұл кісінің қазақ радиосына ғана емес, қазақ халқына сіңірген еңбегі зор деп есептеймін», - дейді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Құсман ИГІСІНОВ.

«Ол кісі ешқандай иілмеген. Ол кезде жағымпаздық деген жоқ. Барлық лауазымдарын еңбегімен Мәдениет қайраткері болды. Сонда да ол кісі ешқандай иілмеген», - деді Т.Тобағабыловтың інісі Кеңесбай ӘБЕНОВ.

Новости партнеров