Алматыда Жамбылдың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты музыкалық поэзиялық кеш өтті

Алматыда Жамбылдың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты музыкалық поэзиялық кеш өтті
Жыр алыбының өлеңдерін өзге тілде айтып, поэзиялық мұрасын жаңғыртты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық кітапханада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты музыкалық поэзиялық кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғылым мен білімнің алтын ордасына жиналған белді ақындар жыршы-жыраудың өлеңдерін оқып, бүгінгі ұрпаққа ой тастады. Одан бөлек, жыр алыбының өлеңдерін өзге тілде айтып, поэзиялық мұрасын жаңғыртты. 

«Қазақ бақытты халық. Бұдан 175 жыл бұрын қазаққа екі, сондай данышпан қазаққа сыйға берілген. Ол Абай мен Жамбыл. 100 жылда туатын ақын деп айта алмаймыз. Неге десеңіз, 175 жыл өтті, әлі Жамбыл мен Абайға теңесер ешкім жоқ», – деді ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Балнұр Қыдырбек.

«Жамбыл жайында айтатын дүние көп. Бұл енді ашылып, әлі ашыла береді. Жаңа да айтып жатыр ғой, жарқырай береді. Заманнан заманға жарқырай береді, халқымен бірге жасай береді»,– деді Шаяхмет Алжанбаев.

Новости партнеров