Интернет бар, бірақ ол жоқ – Айбек Паяев

Almaty.tv
Almaty.tv
Министр енді Әзербайжаннан интернет желісін тарту жобасы жанданады деді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжілістің бүгінгі отырысында депутат Айбек Паяев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге «интернет бар деп баяндайсыздар, бірақ ол жоқ» деп кесіп айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, ауылдарды аралаған кезде мүлде интернет болмаған өңірлер де бар екен. Әзербайжаннан трафик тартсақ, көп мәселені шеше алатын едік деді депутат.

«Егер Ресейден бізге келетін трафик қиындаған жағдайда Әзербайжаннан оптикалық-талшықты желі тартып, интернетті халыққа қолжетімді ете аламыз ба? Сосын оны транзитпен сатып, пайда табу жоспары бар ма? Өзіңіз білесіз, қазір елімізде интернет қымбат, халыққа қолжетімді емес», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Айбек Паяев.

Ал министр енді Әзербайжаннан интернет желісін тарту жобасы жанданады деді. Қазіргі кезде келіссөздер басталған. Каспий теңізі арқылы Әзербайжаннан талшықты-оптикалық желі тарту мәселесі төрт жыл бұрын қарастырылған. Бірақ іске аспай қалыпты.      

«Біз тез арада осыны жүзеге асырамыз және ол экономикалық тұрғыдан емес, стратегиялық маңызы бар жоба, мемлекет басшысының жеке бақылауында. Біз осы жобаны 1,5-2 жылдың ішінде жүзеге асырып, жаңа қолжетімілік пайда болады деген үміттеміз», – деді Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Новости партнеров