|
28.06.2021 | 21:49
6080

«Алматы» телеарнасының журналистерін қалалық ҚДБ басшысы марапаттады

Баршаңызға отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, шығармашылық табыс, қызықты жобалар мен жаңа жетістіктер тілейміз

«Алматы» телеарнасының журналистерін қалалық ҚДБ басшысы марапаттады Пресс-служба УОЗ г. Алматы / Руководитель УОЗ г. Алматы Нариман Табынбаев/ корреспондент Almaty.tv Аяулым Колжигит

Бүгін журналистер  өздерінің кәсіби мерекесі – БАҚ қызметкерлері күнін атап өтуде. Дәстүр бойынша бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай іс-шара ұйымдастырылып, нәтижелер шығарылып, еңбек сіңірген қызметкерлер марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқарма басшысы Нариман Табынбаев Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасына бағынысты медициналық ұйымдардың белсенді баспасөз хатшылары мен БАҚ өкілдеріне басқарманың атынан Алғыс хатпен марапаттап, кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Белгілі бір жетістікке жету үшін тек медицина қызметкерлері ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де күш салу қажет. Журналистер өзекті тақырыптарды қозғай отырып, олардың басты мақсаты – біздің қоғамдағы ұлт денсаулығын қалыптастыру. Қазіргі уақытта күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл сала өкілдерінің кәсіби шеберлігімен  өте маңызды және жауапты, әрі құрмет пен алғысқа лайық. Баршаңызға отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, шығармашылық табыс, қызықты жобалар мен жаңа жетістіктер тілейміз»,  –  деп атап өтті Нариман Табынбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир