|
29.12.2020 | 21:51
1553

Алматылық Александр 26 тонна болатын вагонды тісімен жылжытып, рекорд орнатты

2,5 метрге дейін жылжытқан

Алматылық Александр 26 тонна болатын вагонды тісімен жылжытып, рекорд орнатты

Алматылық Александр есімді жігіт елімізде бұрын соңды болмаған рекорд орнатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 26 тонна болатын вагонды 2,5 метрге дейін тісімен жылжытып, Қазақстанның  «КИНЭС» рекордтар кітабына енді. Еске салайық, бұл оның осыған дейін жасаған екінші рекорды.

«Мен әуелі ғаламтордан америкалықтардың көлікті қалай сүйреп жатқанын көрдім. Содан бастап қызығушылығым оянып, жеңіл көліктерді тісіммен жылжыта бастадым. Нәтижесінде осындай деңгейге жеттім. Бұл жаттығуды орындау өте күрделі әрі ұзақ уақытты қажет етеді. Мұндай жаттығуды ешкімге қайталамауға кеңес беремін», – деді рекордсмен Александр Данчев.

«Біздің Қазақстан рекордтар кітабының басқа рекордтардан ерекшелігі адамның денсаулығына зақым келетін рекордтарды тіркемейміз. Бірақ жаңағы рекорд спортқа жатады», – деді Қазақстан рекордтар кітабының рекордтарды тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир