Әлемдік бестселлер үлкен-кішіге бірдей қызық болуы -қазақ тілінінде жарық көруіне себеп болып отыр. Ерекше ертегі әлемге толы хикаяның 7 томы бар. Әзірге алғашқы сериясы оқырманға жол тартты. Алдағы уақытта барлық бөлімдері тұпнұсқадан қазақ тіліне аударылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Британдық жазушы Жоан Роулин қиялынан туындаған сиқыршы бала Хәрри Потер және оның әлемі туралы оқиғалар кімге болмасын қызық. Балалар әдебиеті болғаннан кейін аурдамашылар мазмұнының жеңіл әрі түсінікті болуын басты назарға алған. Сатылымнан түскен қаражатты әлемдік деңгейдегі дүниелерді қазақ тіліне аударуға жұмсаймыз дейді баспахана басшысы.
«Бұл біз үшін де, балалар үшін де қуанышты жағдай деп ойлаймын. Себебі балалар түгілі бүгін біз командамызбен толқып отырмыз. Мен үшін жауапкершілігі жоғары болды, себебі, әлемге танымал серия ғой», - деді баспа орталығының басшысы Райса ҚАДЫР..
«Хәрри Поттер және пәлсапа тас» деген атаумен жарық көрген кітаптың тараламы әзірге 10 мың дана. Кітап әлі сатылымға шықпай жатып кішкентай бүлдіршіндердің асқан қызығушылығын тудырған. Ол ағылшын тіліндегі түпнұсқадан тікелей аударылған. Оны аударуға тәжірбиелі, ағылшын тілін жетік меңгерген 3 маман қатысыпты.
«Біз 1 апта бұрын кітаптың бір тарауын газеттер мен сайттарға жариялап көрдік. Оқырмандар тарапынан жақсы пікірлер алып жатырмыз. Жалғасын оқу үшін кітапты сатып алуға ынталы балалар көп», - деді «Хәрри поттер және пәлсапа тас» кітабының жауапты редакторы Назгүл ҚОЖАБЕК.
Барлығы 7 томды құрайтын әлемдік ертегінің 4 томы жыл соңына дейін аударылып бітеді. Ал қалған 2 томы келесі жылдың еншісінде қалып отыр. Себебі, соңғы бөлімдері ұзақ әрі күрделі көрінеді.