Анкарада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі ұлықталды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Енді анкаралықтар тақтайшадағы QR белгісі арқылы ақын жайында мағлұмат ала алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің бастамасымен және Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының қолдауымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Кечиорен ауданындағы Жамбыл көшесіне естелік тақтайша орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының өкілі Бақытжан Омар фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Анкарада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі ұлықталды. Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің бастамасымен және халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының қолдауымен ақынның 175 жылдығына орай Кечиорен ауданындағы Жамбыл көшесіне естелік тақтайша орнатылды. Енді анкаралықтар тақтайшадағы QR белгісі арқылы атамыз жайында мағлұмат ала алады», – деп жазады ол.

Іс-шараға ҚР Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет бастаған зиялы қауым өкілдері, Алматы облысының делегациясы және Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысқан.

Ертең, 6 қазанда Анкара қаласында ақынның 175 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді.



Новости партнеров