Жеке компания Алатау ауданының бір көшесіне арық жүйесін жүргізіп берді. «Өжет» ықшамауданындағы Ағайынды Қожықовтар көшесіне жүргізілген арықтың жалпы ұзындығы 500 метр. Дәл осы маңға қысы жазы су жиналып, жұртты әбден әбігерге салып келген. «Нұр Отан» партиясы өз бақылауына алған жұмыс екі аптада жүзеге асып, тұрғындардың көңілінен шығып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Жобасыз, бюджеттің қаражатынан бөлінбеген жеке компанияның қолдауыменен төрағаның шешімімен осы іс шешімін тапты. Өжет ықшамауданында бұл соңғы 5-6 жылдың көлемінде бұл жерге су жиналып көктем күз мезгілдерінде. Халықты әуреге салатын», - деді Алматы қаласы алатау аудандық Nur otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұқан АЛМАСАЕВ
«Кезінде мына жерге су жиналып, бала-шағаның жүруі қиындап кеткен еді. Жолымызды көтеріп берді. Лотогымызды қойып берді. Су өзінің ағатын жағына істеп жағдайымызды жасап берді», - деді Ғабит ШАЯХМЕТОВ.