|
16.03.2021 | 22:03
1149

Алматыда «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

Биыл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 700 өтініш келіп түскен

Алматыда «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

Қолы ашық, жүрегі жомарт жандардың қоғамға сіңірген еңбегі де ескерусіз қалмады. Таяуда «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталған еді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл 3 рет өткізілген шараны Тұңғыш Президент – Елбасы қоры мен Іскер әйелдер қауымдастығы және Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастыруға ұйытқы болды. Қатысушылардың арасында өзекті мәселелерді арқау етіп, қоғам назарын аударған тілшілер де бар. 

«Бүгін байқауға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінбеген конкурсанттарды арнайы шақырып отырмыз. Алматы қаласы бойынша олардың саны – 21. Оларға Елбасы қорының директоры атынан алғыс хат пен арнайы сыйлық табысталды. Байқау мақсаты да осы. Жомарт жандардың ігі істерін көпшілікке насихаттау», – деді Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсенбаева.

Биыл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 700 өтініш келіп түскен. Олардың ішінен үздігін анықтау оңай болмады. Оның ішінде 7 номинация бойынша 42 қайырымды жан жеңімпаз атанды. Олардың ішінде  ерікті Светлана Захарова да бар. 

«Біз 4 жылдан астам уақыт бойы зейнеткерлерге көмектесіп келеміз. Оларды қажетті азық-түлікпен қамтып, қажетті көмек көрсеттік. Біздің командамызда 130 ерікті бар. Байқауды ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтарым жоқ», – деді ерікті Светлана Захарова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир